Сауалнама сұрақтары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №6 бұйрығы негізінде «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қағидаларын бекіту туралы» құрастырылған. «Арнайы білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №4 бұйрығы.
-Инклюзивті білім беру дегеніміз не?
-Инклюзивті білім беру үдерісінің заңнамалық негіздері
— Жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті оқытудың жағдайы қандай?
— Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаты мен міндеттеріне не жатады?
— Ерекше оқытуды қажет ететін балалардың арнайы білім беру мазмұнына не жатады?
— Инклюзивті білім беру саласындағы нормативтік құжаттар
— Инклюзивті білім беру жүйесі қаншалықты маңызды?
Сауалнама сұрақтары (Заманауи әдістермен тарих пәнін оқытудың технологиялары)
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленіп, төмендегі сауаланама сұрақтарын қамтиды:
-Оқушының тарих пәніне деген қызығушылығын ояту үшін қандай заманауи әдістерді қолдану керек?
— Осы жаңа инновациялық әдістерін қолдану арқылы қандай нәтижеге қол жеткізе аламыз?
— Тарих пәнін оқытудың заңнамалық негіздері?
— Тарихты оқыту барысындағы оқыту әдістеріне не жатады?
«Жалпы білім беретін орта мектептегі заманауи педагогика және психология мәселелері» атты бағдарлама туралы сауалнама сұрақтары
— Жалпы заманауи педагогика дегеніміз не?
— Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қандай педагогикалық тәсілдерді қолдану қажет
— Сіздің ойыңызша, қазіргі мектептегі психологиялық қызметтің рөлі қандай?
-Мектепте эмоционалды интеллекті дамыту мақсатында қандай әдістер қолданған жөн
— Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың психологиялық жағдайы қалай бағаланады