Байқаудың мақсаты:
Республика көлеміндегі дарынды оқушылар арасында ғылыми ынтымақтастықты дамыту, зерттеушілік пен шығармашылық әлеуетін арттыру, жаңашыл ойлау және инновациялық идеяларды қолдау; білімге құмар, ғылыми және шығармашылық ізденіске бейім оқушыларды анықтап, жас ұрпақтың ғылымға қызығушылығын нығайту.
Республикалық байқауға қатысушылар:
Байқауға республика көлемінде 1–11 сынып оқушылары мен колледж студенттері жетекшілерімен бірге қатысу мүмкіндігіне ие. Олар жеке немесе командалық құрамда (2 қатысушыдан аспайтын) зерттеу жобаларын ұсына алады.
Байқаудың шарты:
1-5 сынып оқушылары «Бәйтерек» номинациясы бойынша, төмендегі секциялардың бірін таңдап, өз пәні бойынша ғылыми жоба жұмысын жіберуі қажет.
6-11 сынып оқушылары «Шаңырақ» номинациясы бойынша төмендегі секциялардың бірін таңдап, өз пәні бойынша ғылыми жоба жұмысын жіберуі қажет. Жұмыстар 3 тілдің (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірінде қабылданады.
Ғылыми жобалар төмендегі секциялар бойынша қабылданады:
1 секция: Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар;
2 секция: Жаратылыстану ғылымдары;
3 секция: Физика-математика және ІТ технологиялар;
4 секция: Медицина, психология;
5 секция: Өнер, мәдениет және шығармашылық зерттеу;
6 секция: Инновация, робототехника және инженерия;
Ғылыми жоба тақырыбын таңдау автордың өз еркінде!
Ғылыми жобаны рәсімдеу талаптары:
Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторында «Times New Roman» 14 шрифтімен терілуі керек, жоларалық 1.0 см, сол жақтан 20 мм жол. Ғылыми жоба 15 беттен артық болмауы қажет.
Ғылыми жобаны жазу стандарты бойынша:
-бастапқы беті (тақырыбы, секциясы, сыныбы, оқушы мен жетекшінің аты-жөні жазылған);
-мазмұны;
-негізгі бөлім (кіріспе, теория, практика, қорытынды);
-пайдаланған әдебиеттер тізімі болуы тиіс.
Байқау екі кезең бойынша өтеді:
Бірінші кезең — іріктеу кезеңі сырттай өтеді, байқау материалдары электронды нұсқада қабылданады. Ғылыми жұмыстар antiplagiat.ru жүйесінде тексерілетін болады.
Ғылыми жобаны 2026 жылдың наурыз айының 30-на дейін +7 708 244 3605 WhatsApp номеріне өтініш кестесімен бірге жіберу қажет.
Байқау қорытындысы бойынша оқушыларға:
- Арнайы тағайындалған «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА АВТОРЫ» атты төсбелгішесі;
- Төсбелгішені куәлендіретін КУӘЛІК;
- Қазақстан Республикасы Президенттік орталығынан сыйлық кітап
- І, ІІ, ІІІ республикалық дәрежелі диплом;
- Қолдау көрсеткені үшін Ата-анасына АЛҒЫС ХАТ;
Жетекшісіне берілетін марапаттар:
- Республикалық І, ІІ, ІІІ дәрежелі Диплом;
- Педагогтердің аттестациясына жарамды, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №175 бұйрығы негізінде келісілген 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсына қатысады, «ҰСТАЗ» платформасына сертификаты тіркеледі;
Іс-шараға қатыса алмаған жағдайда қатысушының марапаттары қазпочта арқылы Қазақстан бойынша жеткізіледі
Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция бағдарламасында ҚР белгілі тұлғаларының, PhD ғылым докторларының қолынан төсбелгіше және арнайы марапаттар табысталады
Конференцияға жұмыстар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің бірінде қабылданады!
Байланыс телефоны:
+7 747 687 72 47, +7 747 702 52 62, +7 707 142 74 40
Сайт:http://bilim-ork.kz.
Инстаграм парақшасы: @bilim_orkeniety
ӨТІНІШ КЕСТЕСІ
| Қатысушының тегі, аты-жөні | |
| Жетекшісінің толық аты-жөні | |
| Сыныбы | |
| Облыс, қала, аудан, ауыл атауы | |
| Білім беру мекеменің атауы | |
| Байқау атауы | «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА АВТОРЫ» |
| Телефон, ұялы, е-mail.ru | |
| Сапалы түрлі-түсті ¾ фото | |
| Тұрғылықты мекен-жай, казпочтаның индекс номері |
