«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер академиясының» ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан «ҮЗДІК КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ» атты республикалық талантты студенттердің байқауына құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз!
Құжаттар: Ғылым саласында, өнер саласында, спорт саласында, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары (студенттік ұйымдар төрағалары мен белсенділері тб) жетістікке жеткен студенттерден қабылданады.
Байқау қатысушыларына табысталады:
- Арнайы тағайындалған «ҮЗДІК СТУДЕНТ» атты төсбелгісі;
- Куәлік;
- «ҮЗДІК КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ» атты статуэткасы;
- І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом;
Жетекшісіне берілетін марапаттар:
- Республикалық І, ІІ, ІІІ дәрежелі Диплом;
- Педагогтердің аттестациясына жарамды, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің № 175 бұйрығы негізінде келісілген 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсына қатысады, «ҰСТАЗ» платформасына сертификаты тіркеледі;
Байқауға қатысу шарттары: Байқау қатысушылары өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес автобиографиясын, автобиографиясын растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, диплом және т.б.), 3х4 форматтағы сапалы суреті (1 дана) және студенттік өмірде түскен 4-5 дана фотосуреттерін (JPEG форматта) 2026 жылдың сәуір айының 10-на дейін WhatsApp: +7 708 244 36 05 номеріне өтініш кестесімен бірге жолдауы тиіс. Өтініш кестесінде міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайы көрсетілуі тиіс (Астана қаласына қорытынды конференцияға келе алмай қалған жағдайда, көрсетілген мекен-жайы бойынша байқау марапаттары жіберілетін болады). 1 курс студенттеріне мектеп қабырғасындағы, яғни 8-9 сынып кезіндегі жеткен жетістіктерін енгізсе болады. Байқауға құжаттар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің бірінде қабылданады.
Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Марапаттау рәсіміне барлық үздік көшбасшы студенттер шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған студенттердің жеке номерлеріне жіберілетін болады. Қорытынды конференция бағдарламасында ҚР белгілі тұлғаларының қолынан төсбелгі табысталады.
Ұйымдастыру алқасының сайты: http://bilim-ork.kz/
Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniety, best_student.kz.
Ұйымдастыру алқасы: :+7 747 687 72 47, : +7 708 244 36 05
+7 747 702 52 62
Өтініш кестесі автобиографиямен бірге жіберілуі қажет!
| Қатысушының аты-жөні | |
| Қала атауы, оқу орнының атауы: | |
| Байқау атауы | ҮЗДІК КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ |
| Сапалы 3*4 фото сурет (1 дана) | |
| Телефон номері жəне эл.почтасы: | |
| Жетекшісінің аты-жөні | |
| Казпочтамен қай мекен-жайы |
