«ТМД ҮЗДІК ОҚУШЫСЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

«BILIM-ORKENIETI» ұлттық білім инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «ПАРАСАТ» ұлттық инновациялық орталығы ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан Халықаралық «ТМД ҮЗДІК ОҚУШЫСЫ» атты оқушылардың байқауына құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз!

Байқаудың мақсаты мен міндеті:

ТМД елдеріндегі білім саласында ерекше жетістіктерге жеткен оқушыларды анықтау және қолдау; оқушылардың зерттеушілік, шығармашылық және инновациялық қабілеттерін арттыру; ТМД елдеріндегі оқушылар арасында тәжірибе алмасу, ғылыми және шығармашылық байланыстар орнату.

Байқауға қатысушылар: ТМД-ның білім беру ұйымдарының дарынды оқушылары жетекшілерімен бірге қатыса алады.

Байқауға қатысу шарттары:

Оқушы жетекшісімен бірге төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, 2 беттен  аспайтын  эссе жазып, 2026 жылдың наурыз айының 25-не дейін  +7 747 687 72 47 WhatsApp номеріне өтініш кестесімен бірге жіберуі қажет. Сондай-ақ, оқушы білім алу барысында жеткен жетістіктерінің көшірмесін (диплом, сертификат, үздік аттестат және т.б.) және 1 дана жеке фото-суретін, білім алу барысында ұстаздарымен, сыныптастарымен түскен фото-суреттерін қоса жіберуі қажет (5-6 дана).

Байқауға құжаттар 3 тілдің (қазақ, орыс, ағылшын) бірінде қабылданады.

1-5 сынып оқушылары (төмеңгі буын) —  6-11 жас аралығы:

  • «Тәуелсіздік бәрінен қымбат»;
  • «Менің ардақты ұстазым»;
  • «Мен болашақта кім боламын?»;
  • «Тәуелсіз мемлекеттер достастығының тарихы»;
  • «Мен болашақ әлемді қалай көремін?»

6-11 сынып оқушылары (жоғары буын) — 12-17 жас аралығы:

  • «Менің туған өлкемнің тарихы»;
  • «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның заманы»;
  • «Болашақ мамандықтары және менің таңдауым»;
  • «ЖИ дәуіріндегі әлем: болашақ қалалар»;
  • «Қоршаған ортаны таза ұстау- әр азаматтың парызы»;

Эссеге қойылатын талаптар: мәтін MS Word форматында, 2 беттен артық емес, кегл өлшемі 14, аралық интервал 1.0, шрифт Times New Roman, беттердің барлық жағынан өлшемі 20 мм.

Байқау қорытындысы бойынша оқушыларға:

  • Арнайы тағайындалған «ТМД ҮЗДІК ОҚУШЫСЫ» атты төсбелгісі;
  • Төсбелгіні куəландыратын куəлік;
  • «ТМД ҮЗДІК ОҚУШЫСЫ» атты статуэткасы;
  • І, ІІ, ІІІ дəрежелі диплом;
  • Жетекшісіне республикалық І, ІІ, ІІІ дәрежелі Диплом;

Байқаудың марапаттау рəсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберілетін болады. Қорытынды конференция бағдарламасында ҚР белгілі тұлғаларының қолынан төсбелгі жəне қосымша марапаттар табысталады.

Ұйымдастыру алқасының сайты: http://bilim-ork.kz/

Инстаграм парақша: bilim_orkeniety

Ұйымдастыру алқасы: +7 747 687 72 47, +7 747 702 52 62, +7 707 142 74 40

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ЭССЕМЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ ТИІС (MS Word форматта)

Қатысушының толық аты-жөні (құжат бойынша)  
Облыс, қала, аудан, ауыл (село) атауы  
Білім беру мекемесінің атауы  
Ғылыми дəрежесі  
Жетекшінің аты-жөні (құжат бойынша)  
Байқау атауы «ТМД ҮЗДІК ОҚУШЫСЫ»
Телефон, ұялы, е-mail.ru  
Сапалы ¾ фото  
Тұрғылықты мекен-жай  
«ТМД ҮЗДІК ОҚУШЫСЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *