«ТУҒАН ЕЛ. ТУҒАН ЖЕР. ТУҒАН ӨЛКЕ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕГІН ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

 

Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді ояту және дарынды оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру. Республика көлеміндегі дарынды оқушылар арасында өзара байланыс орнату, жаңашыл ойлау мен инновациялық идеяларды дамытуға ықпал ету. Дарынды, білімге құштар, ғылыми және шығармашылық ізденіске бейім оқушыларды анықтау, олардың жеке қабілеті мен жетістіктерін қолдап, білім жолындағы нақты нәтижелерін көпшілікке таныту арқылы жас ұрпақтың жетістікке деген құлшынысын күшейту.

Байқау шарттары: оқушы жетекшісімен бірге төмендегі бағыттың бірін таңдап өтініш кестесімен бірге 2026 жылдың 5 маусымына дейін +7 708 244 35 85 WhatsApp номеріне жіберуі қажет.

Байқауға төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар қабылданады: Гуманитарлық және лингвистикалық бағыт:

  • «Туған ел. Туған жер. Туған өлке» — қатысушылар туған өлкенің ерекшелігі, маңызы, өзінің туған жерінің тарихы туралы эссе жазады;
  • «Менің атам – майдангер» — оқушы сол өңірден шыққан белгілі тұлға жайында; өз атасы немесе туыстарының ерлігі туралы эссе жазуы қажет;
  • «Менің арманымдағы Қазақстан» — оқушы болашақтағы ел бейнесін сипаттап эссе жазуы қажет;

Шығармашылық бағыт:

  • Сурет салу: қатысушылар өз туған өлкесінің табиғатын, көрікті жерлерін, ауылын немесе қаласын бейнелеп сурет салады;
  • Мәнерлеп оқу бағыты: туған жер, отан жайлы өлең оқу немесе авторлық өлең шығару;

Қатысушы өлеңді мәнерлеп оқып, бейнебаян түрінде жібереді. Ұзақтығы: 1–1,5 минут.

Жаратылыстану бағыты бойынша:

  • «Менің туған өлкемнің өсімдіктері мен жануарлар әлемі» тақырыбы бойынша эссе жазу қажет;
  • «Туған өлкедегі пайдалы қазбалар және олардың маңызы» тақырыбы бойынша эссе жазу қажет;

 

Эссеге қойылатын талаптар: мәтін MS Word форматында, 2 беттен артық емес, кегл өлшемі 14, аралық интервал 1.0, шрифт Times New Roman, беттердің барлық жағынан өлшемі 20 мм.

Байқау жас ерекшелігіне байланысты төрт буынға бөлінеді: Балабақша: 3-6 жас аралығы;

Бастауыш: 1-4 сыныптар аралығы;

Негізгі: 5-9 сыныптар аралығы;

Жоғарғы: 9-11 және арнаулы оқу орындарының    (колледж) студенттері аралығында.

 

Байқау жеңімпаздарын анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы ғылым докторларынан, қоғамға танымал тұлғалардан, педагог ұстаздардан тұрады.

Марапаттау рәсімі:

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Даму» халықаралық инновациялық орталығы атынан Республикалық деңгейдегі I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады және Үздіктеп танылған оқушыларға сыйлық қарастырылған.

Байқауға жұмыстар (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінде қабылданады!

Жұмыс қабылдау мекен-жайы: WhatsApp: +7 708 244 35 85

Байланыс телефоны:

+7 708 244 35 85, +7 747 702 52 62, +7 707-142-74-40

Инстаграм парақшасы: @best_student.kz

 

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ (Word түрінде жіберу қажет)

 

Қатысушының тегі, аты-жөні (құжат бойынша)  
Жетекшісінің толық аты-жөні (құжат бойынша)  
Облыс, қала, аудан, ауыл атауы Білім беру мекемесінің атауы  
Сыныбы  
Байқау атауы «ТУҒАН ЕЛ. ТУҒАН ЖЕР. ТУҒАН ӨЛКЕ»
3х4 суреті  
Телефоны, ұялы, е-mail (мұғалім және оқушы)  
Ата-анасының номері  

 

«ТУҒАН ЕЛ. ТУҒАН ЖЕР. ТУҒАН ӨЛКЕ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕГІН ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *