АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ӨТЕТІН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ «ЗЕРЕК БАЛА» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың өнерге, білімге деген қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды анықтау және қолдау.

Байқау қатысушылары: Байқауға 1– 4 сынып аралығындағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері қатыса алады. Қатысу жеке негізде жүзеге асады. Қатысушыны мұғалімі немесе ата-анасы тіркей алады.

Байқау шарты: қатысушы жетекшісі немесе ата-анасымен бірге өздерінің шығармашылық жұмыстарын 2026 жылдың сәуір айының 5-не дейін WhatsApp: +7 747 687 72 47 номеріне өтініш кестесімен бірге жіберуі қажет. Сондай-ақ қатысушы жеткен жетістіктерінің көшірмесін (диплом, сертификат, үздік аттестат т.б) және 1 дана жеке фото-суретін қоса жіберуі қажет

Байқау номинациялары:

  1. «Үздік сурет» – кез келген техникада орындалған сурет (акварель, гуашь, қарындаш және т.б.).
  2. «Үздік қолөнер бұйымы» – түрлі материалдардан жасалған шығармашылық жұмыстар (қағаз, табиғи материалдар, пластилин, мата және т.б.).
  3. «Шығармашылық жұмыс» – өлең, ертегі, шағын әңгіме.

Байқау қатысушыларына табысталады:

  • Арнайы тағайындалған «ТӘУЕЛСІЗДІК ДАРЫНЫ» атты төсбелгішесі;
  • Төсбелгішені куәландыратын КУӘЛІК;
  • «ТӘУЕЛСІЗДІК ДАРЫНЫ» атты СТАТУЭТКАСЫ;
  • Республикалық І, ІІ, ІІІ дәрежелі ДИПЛОМ;
  • Ата-анасына қолдау көрсеткені үшін АЛҒЫС ХАТ;
  • Салтанатты марапаттау рәсімінен фото-видео беріледі:

Жетекшісіне берілетін марапаттар:

  • Республикалық І, ІІ, ІІІ дәрежелі Диплом;
  • Педагогтердің аттестациясына жарамды, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің № 175
  • бұйрығы негізінде келісілген 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсына қатысады, «ҰСТАЗ» платформасына сертификаты тіркеледі;
  • «Аттестаттау кезеңіндегі педагогтерге әдістемелік көмек» атты Республикалық шығармашылық топқа қосылады;

Байқаудың марапаттау Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция бағдарламасында ҚР белгілі тұлғаларының, PhD ғылым докторларының қолынан төсбелгіше және арнайы марапаттар табысталады.

Ұйымдастыру алқасы:

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/

Инстаграм парақшасы: @bilim_orkeniety

+7 747 687 72 47, +7 747 702 52 62, +7 707 142 74 40

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ЖҰМЫСПЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУ КЕРЕК

Қатысушының толық аты-жөні (құжат бойынша)  
Жетекшісінің толық аты-жөні  
Облыс, қала, аудан, ауыл атауы

Білім беру мекеменің атауы

 
Сыныбы  
Байқау атауы «ЗЕРЕК БАЛА»
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото  
Мекен-жайы  

 

АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ӨТЕТІН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ «ЗЕРЕК БАЛА» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *