АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ӨТЕТІН «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ОҚУШЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Байқаудың мақсаты мен міндеттері: 2025-2026 оқу жылдарында үздік нәтиже көрсеткен оқушылардың жылдық жетістіктерін бағалау және оларды көпшілікке үлгі ету. Республикамыздың дарынды оқушылар арасында байланыс орнату және оқушылардың ғылыми әлеуетін күшейту, инновациялық идеяларын кеңейте отырып үздіктерін анықтау. Іс-шара оқушыларды өз жетістігіне баға беруге, жыл бойғы еңбегін қорытындылап, оқу жылына нақты мақсатпен және үлкен жауапкершілікпен қарауға ынталандыруды көздейді.
Байқау қатысушылары: Байқауға 1–11 сынып аралығындағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен колледж оқушылары қатыса алады. Қатысу жеке негізде жүзеге асады. Қатысушыны мұғалімі немесе ата-анасы тіркей алады.
Байқау шарты: Оқушы жетекшісімен бірге өз буынына сәйкес, төменде көрсетілген тақырыптың бірін таңдап, 2 беттен аспайтын эссені 2026 жылдың сәуір айының 10-на дейін WhatsApp: +7 708 244 36 05 номеріне өтініш кестесімен бірге жіберуі қажет. Сондай-ақ оқушы білім алу барысында жеткен жетістіктерінің көшірмесін (диплом, сертификат, үздік аттестат т.б) және 1 дана жеке фото-суретін қоса жіберуі қажет Байқау жас ерекшелігіне байланысты үш буынға бөлінеді:
Бастауыш 1-4 сыныптар:
• «Менің алғашқы жетістіктерім»
• «Мектеп мені неге үйретті?»
Негізгі: 5-9 сыныптар:
• «Білім жолындағы – менің жетістіктерім және келесі жылға мақсатым»
• «Жетістігімнің негізінде жатқан ұстазымның еңбегі»
Жоғарғы: 9-11 және арнаулы оқу орындарының (колледж) студенттері:
• «Білім жолындағы – менің жетістіктерім және болашақ бағдарым»
• «Қоғам үшін пайдалы болу – мен үшін не білдіреді?»
Эссеге қойылатын талаптар: мәтін MS Word форматында, кегл өлшемі 14, аралық интервал 1.0, шрифт Times New Roman, беттердің барлық жағынан өлшемі 20 мм. Эссе, шығарма 2 беттен артық емес болуы қажет.

Байқау қатысушыларына табысталады:
— Арнайы тағайындалған «ҮЗДІК ДАРЫНДЫ ОҚУШЫ» атты төсбелгішесі;
— Төсбелгішені куәландыратын КУӘЛІК;
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ОҚУШЫСЫ» атты СТАТУЭТКАСЫ;
—  Республикалық І, ІІ, ІІІ дәрежелі ДИПЛОМ;
— Ата-анасына қолдау көрсеткені үшін АЛҒЫС ХАТ;
— Салтанатты марапаттау рәсімінен кәсіби фото беріледі:
Жетекшісіне берілетін марапаттар:
— Республикалық І, ІІ, ІІІ дәрежелі Диплом;
—  Педагогтердің аттестациясына жарамды, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің № 175 бұйрығы негізінде келісілген 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсына қатысады, «ҰСТАЗ» платформасына сертификаты тіркеледі;
— «Аттестаттау кезеңіндегі педагогтерге әдістемелік көмек» атты
Республикалық шығармашылық топқа қосылады;

Байқаудың марапаттау Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция бағдарламасында ҚР белгілі тұлғаларының, PhD ғылым докторларының қолынан төсбелгіше және арнайы марапаттар табысталады.

Ұйымдастыру алқасы:
Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Инстаграм парақшасы: @bilim_orkeniety
+7 747 687 72 47, +7 747 702 52 62, +7 707 142 74 40
ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ЖҰМЫСПЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУ КЕРЕК

Қатысушының аты-жөні  
Қала атауы, оқу орнының атауы:  
Байқау атауы ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ОҚУШЫСЫ 2026
Сапалы 3*4 фото сурет (1 дана)  
Телефон номері жəне эл.почтасы:  
Жетекшісінің аты-жөні  
Казпочтамен қай мекен-жайы  
АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ӨТЕТІН «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ОҚУШЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *