ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абай қазақтың әр баласын ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге шақырды. Оның мұрасы – парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі. Сондықтан, азаматтарымыздың көзі ашық болсын десек, Абайды оқудан, ақын өлеңін жаттаудан жалықпаған жөн»- деп, мемлекет басшысы жастарды Абай шығармаларын оқуға шақырды.
Байқаудың мақсаты: Ұлы ақын Абайдың шығармаларын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау арқылы білім және ғылымға деген жастардың қызығушылығын арттырып, отанын сүйетін, білімді азаматтарды қалыптастыруға ықпал ету.
Байқау шарты:
Қатысушы өтініш кестесін толтырып, төменде көрсетілген номинациялардың бірін таңдап, бейнебаян түсіріп жіберу қажет. Бейнебаян ұзақтығы 1.30 минуттан аспауы керек. Орындаушының көркемдік шеберлігі, қазақ тілінде таза сөйлеуі, мазмұнға баса мән беруі, бейнебаянның тақырыпқа сай болуы бағаланады. Белгіленген уақыттан кешіктіріліп жіберілген туындылар қабылданбайды. Бейнебаянда өлең оқыған оқушының өзі қатысуы қажет.
Ұйымдастыру комитетіне құжаттарды ұсыну тәртібі:
Байқауға қатысу үшін өтініш кестесімен бірге бейнебаянды 2026 жылдың сәуір айының 7-не дейін +7 708 935 69 47 WhatsApp номеріне жіберу қажет (байқауға ерікті түрде ниет білдірген кез келген қатысушы қатыса алады).
Номинациялар:
- Абай шығармаларынан — өлеңін, қарасөзін көркемдеп оқу;
- Абайдың шет тілдеріне аударылған туындыларын оқу;
- Абай шығармаларын бейнелеу әлемінде көркемдеу;
(Бір қатысушыдан Абайдың бір туындысы ғана қабылданады)
Байқау жас ерекшелігіне байланысты төрт буынға бөлінеді:
Балабақша: 3-6 жас аралығы;
Бастауыш: 1-4 сыныптар аралығы;
Негізгі: 5-9 сыныптар аралығы;
Жоғарғы: 9-11 және арнаулы оқу орындарының (колледж) студенттері аралығында.
Байқау жеңімпаздарын анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы ғылым докторларынан, қоғамға танымал тұлғалардан, Абайтанушы ғалымдардан, педагог ұстаздардан тұрады.
Марапаттау рәсімі:
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығының атынан Республикалық деңгейдегі I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Үздік деп танылған, талапқа сай видеолар Instagram парақшасына салынады.
Ұйымдастыру алқасы:
Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Инстаграм парақшасы: @bilim_orkeniety
+7 708 935 69 47, +7 747 702 52 62, +7 707 142 74 40
ӨТІНІШ КЕСТЕСІ СУРЕТПЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУ КЕРЕК
| Қатысушының тегі, аты-жөні
(құжат бойынша) |
|
| Жетекшісінің толық аты-жөні
(құжат бойынша) |
|
| Облыс, қала, аудан, ауыл атауы, Білім беру мекеменің атауы | |
| Сыныбы | |
| Байқау атауы | «ДАНА АБАЙ ОҚУЛАРЫ» |
| Телефоны, ұялы, e-mail
(жетекшісі және ата-анасының) |
