«BILIM-ORKENIETI» ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ МЕН «ПАРАСАТ» ҰЛТТЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ДАРЫНДЫ 1000 БАЛА» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Байқаудың мақсаты мен міндеттері: республика көлеміндегі дарынды оқушылар арасында өзара байланыс орнату, зерттеушілік және шығармашылық әлеуетін арттыру, жаңашыл ойлау мен инновациялық идеяларды дамытуға ықпал ету. Дарынды, білімге құштар, ғылыми және шығармашылық ізденіске бейім оқушыларды анықтау, олардың жеке қабілеті мен жетістіктерін қолдап, білім жолындағы нақты нәтижелерін көпшілікке таныту арқылы жас ұрпақтың жетістікке деген құлшынысын күшейту.

Байқау қатысушылары: 1–11 сынып оқушылары мен колледж студенттері жетекшілерімен бірге қатыса алады.

Байқау шарты: оқушы жетекшісімен бірге төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, 2 беттен аспайтын эссе жазып, 2026 жылдың сәуір айының 7-не дейін  +7 708 244 35 85  WhatsApp номеріне өтініш кестесімен бірге жіберуі қажет. Сондай-ақ, оқушы білім алу барысында жеткен жетістіктерінің көшірмесін (диплом, сертификат, үздік аттестат т.б.) және 1 дана жеке фото-суретін, білім алу барысында ұстаздарымен, сыныптастарымен түскен фото-суреттерін қоса жіберуі қажет (5-6 дана).

1-5 сынып оқушылары (төмеңгі буын) —  6-11 жас аралығы

  • «Ұстаз — ұлы тұлға» — оқушы бұл тақырып бойынша өзінің ұстазына деген сүйіспеншілігін, құрметін білдіре отырып, эссе жазуы қажет.
  • «Мен болашақта кім боламын?» — оқушы жетекшісімен бірге, өзінің болашақтағы арманы сүйікті мамандығы жайында жазуы қажет.
  • «Ыбырай Алтынсаринның туғанына 185 жыл» — оқушы жетекшісімен бірге еліміздің ұлы тұлғасының ерен еңбектері жайында жазуы қажет.
  • «Менің туған өлкемнің тарихы» — оқушы жетекшісімен бірге өзінің туған жерінің тарихы жайында немесе сол өңірден шыққан белгілі тұлға жайында жазуы қажет.
  • «Ұлы Даланың ұлы есімдері» — Қазақ жерінен шыққан бір тарихи тұлға жайында эссе жазуы қажет.
  • «Отан отбасынан басталады» — оқушы өзінің отбасы жайында, ата-анасына деген құрметі жайында жазуы тиіс.
  • «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» -оқушы жетекшісімен еліміздің Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері жайында жазуы қажет.

6-11 сынып оқушылары (жоғары буын) — 12-17 жас аралығы:

  • «Тәуелсіздік бәрінен қымбат»;
  • «Менің болашақ мамандығым»;
  • «Қазақ тілім — байлығым»;
  • «Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл»;
  • «Қайрат Рысқұлбековтің туғанына 60 жыл»;
  • «Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл»;
  • «Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 155 жыл»;
  • «Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл»;

Эссеге қойылатын талаптар: мәтін MS Word форматында, 2 беттен артық емес, кегл өлшемі 14, аралық интервал 1.0, шрифт Times New Roman, беттердің барлық жағынан өлшемі 20 мм.

Байқау қатысушыларына табысталады:

  • І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом;
  • «ҰЛЫ ДАЛА ДАРЫНЫ» атты төсбелгішесі;
  • Куәлік;
  • «ҰЛЫ ДАЛА ДАРЫНЫ» атты статуэткасы;
  • Қолдау көрсеткені үшін Ата-анасына АЛҒЫС ХАТ;

Жетекшісіне берілетін марапаттар:

  • Республикалық І, ІІ, ІІІ дәрежелі Диплом;
  • Педагогтердің аттестациясына жарамды, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №175 бұйрығы

негізінде келісілген 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсына қатысады, «ҰСТАЗ»

платформасына сертификаты тіркеледі;

Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция бағдарламасында ҚР белгілі тұлғаларының, PhD ғылым докторларының қолынан төсбелгіше және арнайы марапаттар табысталады. Іс-шараға қатыса алмаған жағдайда қатысушының марапаттары қазпочта арқылы Қазақстан бойынша жеткізіледі.

Байқауға жұмыстар (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінде қабылданады!

Байланыс телефоны:

+7 708 244 35 85, +7 747 702 52 62,  +7 707-142-74-40

Сайт: http://bilim-ork.kz.

Инстаграм парақшасы: @bilim_orkeniety

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ЭССЕМЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУ КЕРЕК

Оқушының тегі, аты-жөні (құжат бойынша)  
Жетекшісінің толық аты-жөні (құжат бойынша)  
Облыс, қала, аудан, ауыл атауы

Білім беру мекемесінің атауы

 
Сыныбы  
Байқау атауы «ДАРЫНДЫ 1000 БАЛА»
3х4 суреті  
Телефоны, ұялы, е-mail

(мұғалім және оқушы)

 
Ата-анасының номері  

 

 

 

«BILIM-ORKENIETI» ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ МЕН «ПАРАСАТ» ҰЛТТЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ДАРЫНДЫ 1000 БАЛА» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *