«Bilim-orkenieti» республикалық Қазақстан педагогтарының біліктілігін арттыру орталығының «Digital ұстаз» республикалық шығармашылық тобыныңмақсаты педагогтердің цифрлық құзыреттілігін жүйелі арттырып, заманауи технологияларды оқу-тәрбие процесіне кешенді енгізу арқылы инновациялық, бәсекеге қабілетті білім беру ортасын қалыптастыру.
Міндеттері
Педагогтердің ақпараттық технологиялармен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіріп, цифрлық ортада тиімді әрекет ету қабілетін нығайту;
Сабақ барысында пайдалануға арналған интерактивті, көпфункциялы цифрлық контент пен оқу ресурстарын әзірлеу және оларды оқу тәжірибесіне енгізу;
Педагогтердің біліктілігін арттыру мақсатында салалық вебинарлар, семинарлар, шеберлік сыныптары, тренингтер мен кәсіби дамыту шараларын ұйымдастыру;
Мұғалімдердің шығармашылық қабілетін дамытуға, кәсіби белсенділігі мен мәртебесін арттыруға бағытталған қолайлы шығармашылық орта қалыптастыру;
Білім беру ұйымдарындағы цифрлық трансформацияны қолдау, білім беру жүйесінің цифрлық инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған инновациялық және әдістемелік шараларды іске асыру.
«Bilim-orkenieti» республикалық Қазақстан педагогтарының біліктілігін арттыру орталығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім,қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауында мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеруге, педагогтердің біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу, зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ бірлесе отырып, еліміздің білімі мен ғылымын жаңғырту бағытындағы маңызды іс-шаралар ( конференция, семинар т.с.с.) ұйымдастыру барысында «ТМД елдері бойынша білім жүйесін дамытудың халықаралық қоры» қоғамдық қоры, Астана қаласы әкімдігінің «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ ынтымақтастық-келісім шартына отырған.
Мекен-жайымыз: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Женіс көшесі, 29, 421 «а» кеңсе